"Маған қол көтереді". Айжан Байзақова жазбасымен оқырмандарын алаңдатып қойды

Блогер әрі актриса Айжан Байзақова желіде ел күтпеген мәлімдеме жасап, оқырмандарын алаңдатып қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында жылап тұрған видеосын жариялап, жазба қалдырды. Блогер жазбасымен елді шошытып қойды.

"Айтатын уақыт келді. Ол маған қол көтереді. Шашымды жұлып тастады. Үйден онсыз шығуыма рұқсат бермейді", - деп жазды актриса.Бірақ Байзақова бұл жазбасымен кіші ұлын сипаттаған болып шықты. "Қыздар сіздерге тек осындай кішкентай абьюзерді тілеймін", - деп жазды ол.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз