Алматыда субұрқақ жанында қайтыс болған жігіттің өліміне қатысты ЖОО түсініктеме берді

Денесі субұрқақ жанынан табылған 17 жасар бозбаланың өліміне қатысты әл-Фараби атындағы ҚазҰУ алғаш рет пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

Сол күні мектеп түлегі университетке ҰБТ тапсыруға келген. Алайда техникалық себептерге байланысты емтихан тапсыру мерзімі кейінге шегерілген. Ал бозбала бірден үйіне қайтпай, ЖОО алдындағы субұрқаққа шомыла кетуді жөн көріпті.

"Субұраққа бірнеше бала келген. Бірақ арасында сол бала ғана суға түскен. Оны судан сол жанындағы балалар алып шыққан. Кісі өлімі себебін медициналық сараптама анықтайтын болады. Жалпы, мында "суға түсуге тыйым салынады" деген жазу төрт жағында жазылған. Себебі универститет аумағы көркем әрі жайлы болғандықтан тұрғындар мен студенттер мұнда еркін жүреді. Олардың қауіпсіздігі үшін міндетті түрде сол белгілерді қойғанбыз. Университетіміздің аумағында болған оқиғаға байланысты марқұмның жақындарына қайғырып көңіл айтамыз", - деді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ проректоры Еркін Дүйсенов.

Қайғылы оқиғадан кейін субұрқақты аталған оқу орны өшіріп тастаған.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!