Павлодар облысында жеңіл автокөлік өртеніп кетті

Бүгін таңертең Екібастұз қаласына жақын "Қызылорда-Павлодар" автожолында жеңіл автокөлік өртеніп кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ-ға сілтеме жасап.

Өрт шақырту түскен сәттен бастап 32 минут ішінде жойылған.

"Зардап шеккендер жоқ. Жол көлігінде төтенше жағдай орын алған жағдайда 112 номеріне хабарласыңыз", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!