"Анаңды кәрілік жұтып бара жатқанын көру де – ауыр". Желі қолданушылары тағы бір видеоны көріп, "жылап алды"

"Анаңды кәрілік жұтып бара жатқанын көру де –  ауыр". Желі қолданушылары тағы бір видеоны көріп, "жылап алды"
Фото: видеодан алынған кадр

Желіде өз немересін танымай қалған әженің видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видео авторы әжесі сиыр айдап келе жатқанда алдынан күтіп алады. Осы кезде ол немересінің жанынан танымай, өте шығады, бірақ сонда да танығандай сыңай танытып, хал-жағдайын сұрап, әңгімесін айтады, тіпті маңдайынан да сүйеді.

"Мені жалпы танып тұрсыз ба?" деп сұрағанда "Кімсің сен?" дейді кейуана. Осы сәтте "Мамааау" дегенде ғана есіне түседі.

"Мені әжем 44 жасында бауырына басқан… Сондықтан мама деймін. Қазір төркініме келген едім, бірінші рет мамам мені танымай қалды… Парақшада қалдырып қояйын. Жеке архив", - деп жазды ол.

Желі қолданушылыры бұл видеоға "Танымай тұрса да, әкел маңдайды деп, сүйіп жатыр. Мейірімге толы кісі болғаны ғой", "Мына видеоны көріп, бір жылап алдым, бүгін анамның қайтқан күні еді, күні бойы анамды ойлап жүрген болатынмын, ауылға барған сайын анам үйдің артынан, қорадан шыға келетіндей іздеуші едім, анаңыз аман болсын", "Сыр бермей тұр есіне түсіре алмай, әңгімеге тартып тұр", "Марқұм нағашы әжем есіме түсіп кетті" деп жазып жатыр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан