Астаналық әйел дәрігердің телефонын сындырып тастаған

Астаналық әйел дәрігердің телефонын сындырып тастаған
Фото: depositphotos.com

Астанада вандализм және қоғамдық тәртіпті бұзу жағдайларымен күрес жүріп жатыр. Тәртіп сақшылары вандалдарды анықтап, оларды жауапкершілікке тартады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қаланың 71 жастағы тұрғыны 3 мамыр күні түстен кейін Абай даңғылындағы №47 үйдің жанында тұрақта болған. Ол тұрақта тұрған "Тойота Королла" көлігінің алдыңғы терезесін зақымдап, бөтен адамның мүлкіне зиян келтірді.

Тәртіп сақшылары оны тауып, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 147-бабы-1-бөлігі ("Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру") бойынша жауапқа тартты. Оған 20 АЕК айыппұл салынады немесе 15 тәулікке дейін қамауға алынады.

Осындай жағдай 17 маусымда Молдағұлова көшесі, 22/1 мекенжайында сағат 23.30-да болған. 47 жастағы азамат Chery Tiggo 7 көлігінің фарасын әдейі зақымдады. Келтірілген залал сомасы 600 мың теңге болған

22 маусымда сағат 19.40-та 41 жастағы әйел екінші қалалық балалар емханасында дәрігермен жанжал кезінде оның телефонын сындырып, басқа біреудің мүлкіне зиян келтірді.

Барлық құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан