Өскеменде жеңіл көлік КАМАЗ-ға соғылып, жолаушы мерт болды

Өскеменде жантүршігерлік жол апаты болды. КАМАЗ бен жеңіл көлік бетпе-бет соқтығысып, жолаушы оқиға орнында қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға кешқұрым қаладағы Есенберлин даңғылында болған. Жүк көлігімен бетпе-бет соғылған жеңіл машинаның сау тамтығы қалмады.

22 жастағы жолаушы оқиға орнында тілге келместен көз жұмды. Ал қатты жарақаттанған 24 жастағы жүргізуші ауруханада жатыр.

Полицейлер жол апатының мән-жайын анықтап жатыр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!