Алматының екі ауданында су өшіріледі

Алматыда 25 және 27 маусымда технологиялық жабдықтарды ауыстыру бойынша су құбыры желілерінде жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Алматы су" мемлекеттік өнеркәсіп кешеніне сілтеме жасап.

25 маусымда сағат 08:00-ден 22:00-ге дейін Медеу ауданында суық су беру уақытша шектеледі:

  • Төле би – Назарбаев – Райымбек батыр – ВОАД;
  • Шоқай көш., Сәрсенбаев көш., Кеңсай 1,2 ықшамаудандары;

27 маусымда сағат 09:00-ден 22:00-ге дейін Жетісу ауданында Райымбек батыр – Нүсіпбеков – Рысқұлов – Волочаевская көшелері және Медеу ауданында Жангелдин – Янушкеевич, Латиф Хамиди – Райымбек батыр көшелерінің контурында, "Оскар" тұрғын үй кешенінде суық су беру уақытша шектеледі.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!