Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Синоптиктер 22-23 маусым күндері ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алдағы тәуліктерде Қазақстан Республикасының басым бөлігі циклонның ықпалында болады, найзағаймен жаңбыр жауады, дауылды жел соғады, еліміздің батысында, солтүстігінде, солтүстік-батысында бұршақ жаууы болжанады. Қатты жаңбыр 22-23 маусымда еліміздің батысында, 22-24 маусымда солтүстік-батысында, 22 маусымда еліміздің солтүстігінде жауады.

Ауа температурасы күндіз еліміздің батысында +25+35°C дейін, шығысында +31+39°C дейін жоғарылайды, еліміздің солтүстік-батысында +22+30°C дейін, оңтүстігінде +30+38°С дейін, оңтүстік-шығысында +25+38°С дейін төмендейді, солтүстігі мен орталығында +23+36°С мен +28+38°С аралығында өзгереді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина