Ғалымдар жүрек ауруының даму қаупін төмендететін шырынды атады

Токио Медициналық және стоматологиялық университетінің Акушерлік және гинекология кафедрасының ғалымдары тұздалмаған қызанақ шырынын ішу қан қысымын, сондай-ақ "жаман" холестерин деңгейін төмендететінін анықтады. Зерттеу нәтижелері Food Science & Nutrition (FSN) журналында жарияланған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Зерттеуге 184 ер адам мен 297 әйел қатысты. Бір жыл ішінде экспериментке қатысушылар қызанақ шырынын көп мөлшерде тұтынды. Тұтыну нормасын әр қатысушы өз қалауы бойынша анықтады.

Зерттеу басталғанға дейін және аяқталғаннан кейін еріктілер қан қысымының көрсеткіштерін, сондай-ақ қандағы төмен тығыздықтағы липопротеин (LDL) деңгейін екі сатылы бағалау үшін қан үлгілерін тапсырды.

Зерттеу нәтижелері қызанақ шырынын көп тұтынғаннан кейін гипертониямен ауыратын 94 қатысушының қан қысымы айтарлықтай төмендегенін көрсетті. Сонымен қатар, 125 қатысушының LDL холестерин деңгейі төмендеді. Осылайша, өнімді көптеген адам жүрек ауруларының алдын алу үшін ішуіне болады.

Көкөністерден алынған шырындар денсаулыққа пайдалы, өйткені олар дәрумендер мен антиоксиданттарға бай. Қызанақ шырыны каротиноидты ликопеннің көзі, ал ол антиоксидант, ол қатерлі ісіктің кейбір түрлерінің дамуына жол бермейді.

Тағы да оқи отырыңыздар: Жаттығудан кейін неге бұлшықеттер ауырады?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!