Тиімді нәтиже болу үшін бетті неше секунд жуу керек?

Тазалау - бет терісі күтіміндегі маңызды кезең. Тері саулығы мен сұлулығы содан басталады. Жақсы нәтиже болу үшін теріні белгілі бір секунд тазалау керек, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Styler"-ге сілтеме жасап.

Бетті қанша уақыт тазалау керек?

Беттегі тазартушы өнімдерді жылдам жуып тастамаған жөн. Сол кезде құралдағы белсенді ингредиенттер теріге сіңеді.

Дерматолог Джереми Брауэр көпшілік адам бетін 15 секунд қана жуатынын айтты, алайда бұл уақытта ингредиенттер іске қосылып үлгермейді. Адам бетін шамамен 40-60 секунд жуу керек. Егер тазалаушы өнімді беттен жылдам жуып тастасаңыз, ол терідегі артық май мен ластықты жоймайды.

Сондай-ақ жұмсақ құрал мен жылы су қолдану керек. Бет жууға арналған құралды айналмалы қозғалыстармен көпіртіңіз және проблемалық аймаққа аса мән беріңіз. Бетті таңертең және кешке жуу керек.

Косметиканы бетті жуғанға дейін сүртіп тастаңыз

Макияжды сүрту мен бетті жуу - тазалаудың екі бөлек кезеңі. Әсіресе, суға төзімді косметика қолданатын болсаңыз және косметиканы қабаттап жағатын болсаңыз, оны бірден сумен жуа салмай, бірінші арнайы құралдармен сүртіп алу керек. Сонымен қатар косметика құралдарын, мысалы, спонж, қылқаламдарды уақытылы жуып тұрыңыз.

Оқи отырыңыз: Күннен қорғайтын құралдарды қолдануда жіберілетін қателіктер

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!