Бишімбаев пен Байжановтың апелляциялық сот отырысын қайдан көруге болады?

Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық істің апелляциялық сот отырысы 26 маусымда өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Судьяның 11 маусымдағы қаулысымен істі қарау 2024 жылғы 26 маусымға, сағат 10.00-ге белгіленді.

Жоғарғы Сот қоғамның сот процесіне қызығушылығының артқанын ескере отырып, апелляциялық сатыдағы сот отырыстарының онлайн-трансляциясын жалғастыру туралы шешім қабылданған.

Сот отырыстары тікелей эфирде өтеді.

Тікелей эфирді Massaget TV YouTube-арнасынан көре аласыздар. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!