Астанада күтуші екі жасар баланы тұншықтырып өлтірді деген күдікке ілінді

Астанада күтуші екі жасар баланы өлтірді деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қайғылы оқиға кеше түнде болған. Желідегі ақпарат бойынша, 38 жастағы әйел баланы тұншықтырып өлтірген. 

"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жариялауға жатпайды", - дейді ПД өкілдері. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз