Мемлекеттен 300 миллион теңге бөлінген фильм 7 мың теңге пайда тапқан - сенатор

Сенатор Бекболат Орынбеков "Қазақфильм" АҚ-ға мемлекеттен бөлінген қаржы тиімсіз игеріліп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Осыдан бөлек қаражатты пайдаланудың тиімсіздігі, оның ішінде көпжылдан бері келе жатқан отандық кинематография саласында үлкен проблемалар бар. 2016-2022 жылдары кезеңінде "Қазақфильмге" кино шығаруға және прокаттауға 14,5 млрд теңге бөлінгенімен оның 4,8 пайызы ғана ақталды", - деді Бекболат Орынбеков Парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Депутат сөзіне нақты мысалдар келтірді.

"Аруақ" фильміне 300 миллион теңге жұмсалса, табысы 7 мың теңге ғана түскен. "Композитор" фильміне 1,2 миллиард теңге бағытталса, оның табысы 400 мың теңге болды. Ұлттық киноны мемлекеттің қолдауы орталығы бойынша 2019-2023 жылдары бюджеті 6,7 миллиард теңге, ал прокат соммасы 1,1 миллиард теңге. Өкінішке қарай осындай мысалдар өте көп. Сондықтан мемлекеттің аудиторлардың есептері ескерілмейді деген күмән бар", - деді сенатор.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!