Аралық нәтиже: Биыл ҰБТ-дағы орташа балл қандай?

Аралық нәтиже: Биыл ҰБТ-дағы орташа балл қандай?
Фото: elements.envato.com

Ғылым және жоғары білім министрлігі ҰБТ-ның аралық нәтижелері туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Министрлік мәліметінше, оқушылардың 18 пайызы "математика-физика" пәндер комбинациясын таңдаған. 

Негізгі ҰБТ басталғаннан бері 211 мың рет тест тапсырылды. Оның ішінде талапкерлердің 74 пайызы қазақ тілінде, 26 пайызы орыс тілінде, 171 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті.
 
ҰБТ басталғалы шекті балды 76 пайыз талапкер жинады. Орташа балға келетін болсақ, ол 68 бал болды. Ең жоғары балл – 138, 8 адам 137 балл жинады.
 
Қазіргі таңда тестке қатысушылардың басым бөлігі, атап айтқанда, 18 пайызы "Математика-Физика", 16 пайызы "Биология-Химия" пәндер комбинациясын тапсырды. 15 пайызы "Шығармашылық емтихан" комбинациясын таңдаған.
 
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында ҰБТ-ға бес аптаның ішінде 577 талапкер қатысты.
 
Осы аптада жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясы өз жұмыстарын бастап, 25 тамызға дейін оқуға түсуге құжаттарды қабылдайтын болады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина