Су тасқыны: 4 мыңға жуық адам әлі эвакуациялық пунктерді паналап жүр

Су тасқыны: 4 мыңға жуық адам әлі эвакуациялық пунктерді паналап жүр
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Премьер-министр Олжас Бектенов бүгінде су тасқыны салдарынан 4 мыңға жуық адам әлі эвакуациялық пунктерді паналап жүргенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Елімізде бұрын-соңды болмаған су тасқынынан экономикаға, инфрақұрылымға салдарын тигізді, көптеген адам зардап шекті. 120 мыңнан аса адам өз үйінен эвакуацияланды", - деді Олжас Бектенов Парламенттің бірлескен отырысында.

Үкімет басшысы эвакуациялық пунктерде әлі адам барын жеткізді.

"67 570 адам өз үйіне оралды. Бүгінде 3 952 адам эвакуациялық пунктерде. 12 мың тұрғын үй, 20 мың саяжайды су басты. 98 үйді әлі су астында", -деді премьер-министр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

А. Есен