"Ата-анам қарсы болды". Блогер Мерей Абилова алғаш рет отбасылық өмірі туралы айтты

"Ата-анам қарсы болды". Блогер Мерей Абилова алғаш рет отбасылық өмірі туралы айтты
Фото: Әлеуметтік желіден

Блогер Мерей Абилова Aissaule Bakytbek-Kaidarova youtube-арнасына берген сұхбатында отбасылық өмірі туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Біз алдымен неке қидырттық. Алайда бірге тұрмадық, себебі менің ата-анам қарсы болды. "Неке болғанымен, ұзатылған соң кетесің" деп кесіп айтты. Некенің өзіне көндіру қиын болды оларды. Олардың ойынша, қыз ұзатылған соң барып неке қиылады. Бізде неке сәуірде қиылды. Ал той қарашада өтті. Арасы кәдімгідей ұзақ болды. Себебі Димаш футболшы болғаннан кейін жұмысы қазанның соңында аяқталады. Сол үшін осы айға қойдық", - деді ол.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы