Бурабайдың ең биік жеріне көтерілген ер адам түсе алмай қалған

Бурабайдың ең биік жеріне көтерілген ер адам түсе алмай қалған
Фото: gov.kz

Ақмола облысының тауларында Қарағанды тұрғыны құтқарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәліметінше, ер адам Бурабай курортының ең биік тауына көтеріліп, өздігінен түсе алмаған. Оқиға орнына жедел құтқару жасағының құтқарушылары келген бойда Қарағандыдан келген туристтің Көкшетау тауының шыңына шыққаны анықталды.

"Оған өздігінен түсуге құтқарушылар көмектесті. Шамамен екі сағатқа созылған құтқару операциясы қауіпсіз өтті", - деп жазылған хабарламада.

Ведомство өкілдері төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалуға кеңес берді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова