Павлодар облысында жоғары қабаттан құлаған әйел ағашқа ілініп қалған

Ақсуда құтқарушылар үшінші қабаттан ағашқа құлаған әйелге көмектесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, әйел дін-аман.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі мәліметіне сүйенсек, Ақсу қаласында құтқарушылар үшінші қабаттағы пәтерден құлаған 1990 жылы туған әйелді ағаштан түсірді.

"Құтқарушылар үш буынды баспалдақтың көмегімен көтеріліп, құтқарылған әйелді жедел жәрдем бригадасына тапсырды", - деп жазылған хабарламада. 

Ведомство өкілдері тұрғындардан төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне қоңырау шалуды сұрайды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!