"Көбі мені байдың қызы деп ойлайды". Дина Төлепберген өткен күндерін еске алды

"Көбі мені байдың қызы деп ойлайды". Дина Төлепберген өткен күндерін еске алды
Фото: әлеуметтік желіден

Танымал журналист Дина Төлепберген әлеуметтік желіде оқырмандарына кеңес берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Журналист өткен күндерін еске алып, жұртты кедейліктен ұялмауға шақырды.

"Менің анам - дәрігер. 103 қызметінде жұмыс істеген, 9 ай бойы жалақы алмаған. Сондықтан да күнкөріс қамы үшін біз анамызбен масаққа барған жайымыз бар. Масақта пияз тердік. Сол пиязды үйге алып келеміз, сөйтіп майға қыздырып қуырамыз, нанға салып жейміз. Қандай керемет дәм. Сондықтан сіздерге айтарым: кедей болудан ұялмайық. Бірақ жақсы өмірге талпынбау - нағыз ұят. Меніңше, адам ашкөз болуы керек. Тағамға емес, талапқа, биікке, арманға... Сол арманын сатпай, адамды алдамай, биікке ұмтылса, алынбайтын қамалымыз жоқ, - деп кеңес айтты медиа маманы. 

Сондай-ақ, Дина Төлепберген өзі де байдың қызы емес екенін, оны алға жетелеген тек арманы екенін айтты.

"Мені көбі байдың қызы деп ойлайды. Бірақ бұл сөздің түбінде біршама бейнет, жоқшылық жатыр. Мені өсірген арман, межелі мақсат, сергек сенім. Сондықтан абыройыңызды төгуден, ата-анаңызды кедей деп сөгуден аулақ болыңыз. Себебі ата-ана сізге бәрінен қымбат өмірді сыйлады. Ал бай-қуатты өмірге талпыну сізден..." - деді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от DINA TOLEPBERGEN (@dina_tolepbergen)

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова