"Тастанды бала болып сезініп өстім". Айгүл Иманбаева жан сырын ақтарды

Әнші Айгүл Иманбаева әлеуметтік желіде оқырмандарына жан сырын ақтарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі бала кезі туралы сөз қозғады.

"Бала Айгүл өте тентек болды, ақылды тентек болды. Менің балалығым материалды тұрғыдан қарағанда ештеңеден қиындық көрмей, бақытты балалық шақ болып өтті. Қазақша айтқанда, ішкенің алдында, ішпегенің артыңда, киген киімің, баратын жерің - барлығы (бар - еск.). Бірақ жанның, жүректің әңгімесі менің отбасымда басқаша болды. Себебі мен әкесіз өстім. Әрине, ол үшін мен қазір әкемді де, шешемді де кінәламаймын. Бірақ бала Айгүлдің жүрегі оның біреуін де түсінген жоқ. Себебі бала болдым және үш баланың ішіндегі ең тентегі мен болдым. Әке-шешенің арасындағы айғай-шу, реніш, ажырасу баланың жүрегіне қаяу салмай, жүрегін жараламай қоймайды. Сондай жаралы бала болып өстім. Шешем мен бауырларым қасымда бола тұра, жүрегімде тастанды бала болып сезініп өстім. Даладағы бала, жалғыз болып сезініп өстім. Мұның барлығы - бала Айгүлдің жарасы. Бірақ дәл сол жарам бүгінде мені толыққанды адам, Айгүл Иманбаева жасады", - деді әнші.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!