Қонаевтағы мемлекеттік кірістер басқармасының ғимаратында өрт шықты

Қонаевтағы мемлекеттік кірістер басқармасының ғимаратында өрт шықты
Фото: видеодан алынған кадр/ТЖМ

Қонаевта мемлекеттік кірістер басқармасының ғимаратында өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, өрт диспенсер аппаратының қысқаша тұйықталуынан болған және жиhазға көшкен.

"Бүгін күндіз Қонаев қаласының мемлекеттік кірістер басқармасының ғимаратында диспенсер аппаратының қысқаша тұйықталуынан өрт шығып, кейін жиhазға көшкен. ТЖМ күштерімен 3 шаршы метр аумақты шарпыған өрт сөндірілді", - делінген хабарламада.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан