Түркістанда өз балаларын тұншықтырып өлтірген әйелге үкім шықты

Түркістан облыстық сотында атышулы сот процесі аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Өзінің екі баласын буындырып өлтірген Қызылорда облысының тұрғыны сотталды. Сотталушы 15 жылын орташа режимдегі колонияда өткізеді. 

Алқабилер алқасы істі бірнеше ай бойы қарады. Журналистерге сотталушы мен алқабилерді түсірмей, сот процесінен хабар таратуға рұқсат етілді.

Еске салайық, 7 ақпанда Түркістандағы жалдамалы пәтерлердің бірінен екі кішкентай бала өлі табылғаны хабарланды.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өлімнің себебін анықтау үшін балалардың денесі сараптамаға жіберілді. 

Кейінірек балаларды өлтірді деген күдікті өз анасы деген деректер шықты. Ол Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы А.С.Пушкин атындағы N46 мектеп-лицейінің мектепке дейінгі мекемесінде тәрбиеші болып жұмыс істеген.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз