"Хәлім күрт нашарлап, сасқалақтап қалдық". Мөлдір Әуелбекованың кенеттен жағдайы нашарлаған

Әнші Мөлдір Әуелбекова әлеуметтік желіде кенет ауырып қалғанын жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі былтыр бүйрегі ауырғанын да айтты.

 "Бүгінгі жағдай... Көрсетілген жәрдемді бөліспесем болмайды. Сіздерге ауадай қажет болуы мүмкін. Сақтықта қорлық жоқ екен ғой. Хәлім күрт нашарлап, сасқалақтап қалдық. 10-ақ минутта келіп, шын жедел жәрдем көрсетіп, мед.орталықтарына апарып, бүкіл анализді тапсыртып, ем-домымды алып, үйге сап-сау риза қайттым", - деді әнші.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз