"Жолдасым рұқсат берген жоқ". Әнші Зарина Омарова шығармашылығы туралы айтты

Әнші Зарина Омарова "1001 түн" бағдарламасында жұбайы киноға түсуге рұқсат бермегенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Зарина Омарова өнерден алыс жүре алмайтынын, бұл жан дүниесіне тікелей әсер ететінін жеткізді.

"Киноға түскенмін. "Тағы да сүй" деген жақсы бір телехикаяға түскенмін. Кейін ұсыныстар болды. Бірақ, өкінішке қарай, жолдасым рұқсат берген жоқ. Өйткені ол жерде көп уақыт кетеді, жұмыс бар, бала-шаға бар. ...Қазіргі уақытта бәрі өз орнымен, ол кісінің өзінің жұмысы, менің өзімнің жұмысым бар. Әркім өз жұмысымен айналысады. ...Ән айтпасам ауырып қалатын жағдайым бар. Кішкене концерттер, тойлар болмай қалса, тегін айта салайыншы деймін. Өйткені ән айтпасам, ішкі жан дүнием солып қалады. Он жылдан кейін сахнаға неліктен қайта оралдым? Жолдасым соны (өнерден алыс жүре алмайтынын - еск.) түсінді", - деді өнер иесі.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз