Белгілі дизайнер 13 жасында ата-анасына үй алып бергенін айтты

Белгілі дизайнер 13 жасында ата-анасына үй алып бергенін айтты
Фото: әлеуметтік желіден

Белгілі қазақстандық дизайнер Жадыра Сахиева 13 жасында ата-анасына үй алып бергенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, алғашында ата-анасымен екі бөлмелі сарайда тұрған.

"1995 жылы өте қиын заман болатын. Әке-шешемізбен екі бөлмелі сарайда тұратынбыз. 10 жасымнан бастап билей бастадым. Туысқандарым маған сенген жоқ. "Биге бермеңдер" деген сөздер өте көп болды. Билеп жүргенде, ата-аналардан "мына қыз пысық екен ғой, томпақ қыз ғой, біздің де балаларымызға би үйретсінші" деген ұсыныс келді. Он баладан бастағанмын. Сол бүлдіршіндер жаңа жылда бірінші орын алды, бәрі таңғалып, "қандай керемет" деді. Алты айда жүз бала болды. Бір жылдан кейін үш жүз бала болды. Мен биден сабақ беретінмін, ал ата-аналармен, концерттерге шығу (жағынан - еск.) анам қолдап, көмектесіп жүрді. Бір қызығы, үш жылда жеті жүз оқушы болды. Бірақ бір қызығы, үй ала тұра менде әрқашан шұлығым жыртық болып жүрді, көйлегім жыртық болып жүрді. Өйткені әке-шешем өте қатар кісілер болды. Сол қаталдықтың арқасында ақшамды үнемдеп, екі қабатты үй алдық", - деді дизайнер.

@jado.sakhi

♬ Cinematic ambient music(1455387) - Art Music Style

Желі қолданушылары бұған таңданысын жасырмады.

"Мықты екенсіз, керемет", "Нағыз еркек деп айтсаң да болады", "Тамаша", "Болар бала боғынан", - деді олар.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова