Іле-Балқаш резерватындағы өрт сөндірілді

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің иелігіндегі "Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерваты" РММ аумағында шыққан өрт сөндірілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігі Қазавиақұтқару up-MI877 тікұшағынан су төгетін құрылғымен 16 рет 80-нен астам су төгілді.

Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖ департаментінің және резерваттың күштері мен құралдары жұмылдырылды.

Еске салайық, 19 маусымдағы жағдай бойынша "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК АҚ ғарыш мониторингінің деректеріне сәйкес резерваттың аумағында ашық өрт байқалмады, аумағы 30 гектардан аз бір батпақты учаскеде қамыс өсімдіктерін өртенген.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!