Павлодар облысында бейтаныс біреу көлікке оқ атқан

Полиция күдіктіні іздеуге кірісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыс орталығында жеке тұрғын үй секторында көше бойымен келе жатқан көліктен белгісіз бір адам бөтен көлікке оқ атқан сәті видеоға түсіп, әлеуметтік желіде жарияланды.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінде бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді. 

"Бұл факті солтүстік полиция бөлімінде тіркелді. Белгісіз адам пневматикалық қарудан автокөлікке оқ атқаны анықталды, - деп хабарлады полиция.

Полиция осы фактіге қатысы бар адамдарды анықтау бойынша жедел іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз