Юлия Путинцева Бирмингемдегі турнирдің ширек финалына шықты

Юлия Путинцева Бирмингемдегі турнирдің ширек финалына шықты
Фото: WTA

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Бирмингемдегі (Ұлыбритания) WTA250 турнирінің ширек финалына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Юлия Путинцева украиналық теннисші, әлемнің 47-ракеткасы Ангелина Калининаны 6:3, 6:0 есебімен жеңді.

Матч 56 минутқа созылды. Путинцева осы уақыт ішінде төрт эйс жасады. Жеті брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды.

Қазақстандық теннисшінің ширек финалдағы қарсыласы кейінірек анықталады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан