"Бала күнімде бір де бір рет тойламаппын". Мәдина Сәдуақасова ұлының туған күнін дүркіретіп атап өтті

Танымал әнші Мәдина Сәдуақасова ұлының туған күнін дүркіретіп атап өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Әншінің айтуынша, өзі бала кезінде ешбір туған күнін тойламағандықтан, ұлының төл мерекесін елеусіз қалдырмай, тойлауға тырысады. 

"Өзім бала күнімде бір де бір туған күнімді атап өтпегенмін. Сол кезде солай қалыпты болды ма, әлде менің ата-анамда тірлік, жұмыс көп болған соң ондайға мән бермеген бе, білмеймін. "Өз баларыма өлтіріп жасаймын туған күндерін!" деп айтатынмын.
Олжас екеуміз Әнуарға 10 жыл бойы "super birthday party" жасап келеміз! Әнуардың досы өте көп, өз туған күнінде барлығын көргісі келеді! Осы жолы досым Бүркіт пен Айдай Исаева, Жана Сабированың балалары да болды. Өте күшті party болды! Атмосфера. Кез келген шараны 100 пайыз әдемі қылатын келген қонақтар! Тілек те, сыйлықтар да, көңіл күй де керемет", - деп жазды әнші.

Мәдина Сәдуақасованың бұл қуанышына оқырмандары ортақтасып, жылы тілектер жазған. 

"Құтты болсын. Ғұмырлы болсын. Өсе келе сізге ұқсап бара жатыр", "Бақытты ұзақ ғұмыр тілеймін", "Ау қандай керемет. Әнуарға бақытты балалық шақ тілеймін", "Ақша болса, әрине, күшті қылып жасауға болады, Әнуар ғұмырлы болсын", - деп жазған олар. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Қазақстанда қанша кәсіби мереке бар?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!