Тоқаев Қазақстанның Финляндиядағы елшісін тағайындады

Қазақстанның Финляндиядағы елшісі тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Азамат Сәбитұлы Әбдіраимов Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды".

Бұл қызметті атқарған Жанна Сартбаева Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз