Әжесімен бірге жылап тұрып ішек-қарын тазалаған қыз жұртты күлдірді

Фото: видеодан кадр

Желі қолданушысы өзінің инстаграм-парақшасына әжесі мен немересінің қарын тазалап отырған видеосын салады. Видеодағы қыздың реакциясы жұртты күлдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Желіде тараған видеода қарын ұстап тұрған қыз еңіреп жылайды. 

"Бүгін таңымыз қарын тазалаудан басталды. Жания, жылама. Біз Жанияға қарынды қалай тазалау керегін, қарынды қалай ұстап тұру керегін үйретіп жатырмыз. Біз бәріміз бала кезде мұны жасадық. Қаланың балалары мұндайды білмейді", - дейді видео авторы.

Әжесі қарын тазалауды үйрену керегін айтады.

"Есесіне, ауылға тұрмысқа шықпайсың. Ауылға тұрмысқа шықсаң, осыны жасайсың. Үйрен", - дейді видеодағы әйел.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dinara Uali (@uali.dinara)

Бұл видеоға Желі қолданушыларының көзқарасы әртүрлі болды.

Бірі баланы мұндай нәрселерге үйрету дұрыс екенін айтты:

"Апасы, жарайсыз. Баланы барлық нәрсеге үйрету керек", "Қаланың балаларын осылай ауылға жіберіп тұру керек екен", "Қарын ұстап тұрғаннан жаман ештеңе болмайды, дұрыс" және т.б.

Алайда баланы бұлай қинауға болмайтынын жазғандар да аз болмады:

"Бала өзін нашар сезініп тұр. Өскесін қажет болса үйреніп алады ғой", "Бала зақым алады", "Баланы қинамаңыздаршы" және т.б.

Сондай-ақ, қыздың реакциясына күліп, өздерінің балалық шағын еске алған Желі қолданушылары да көп:

"Оның қолында қолғап бар, бұл оның жолы болды деген сөз. Біз ұзаққа дейін жағымсыз иіспен жүретінбіз", "Біз ешқандай зақымсыз өстік, неге қазіргі балаларды әлпештей бересіздер", "Бұл қыздың орнында бәріміз болдық" және т.б.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Жапатова