Нұрлан Ноғаев жаңа қызметке тағайындалды

Нұрлан Ноғаев жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.

Бұл қызметті атқарған Асқар Тәжібаев мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.

Бұған дейін Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі қызметін атқарған.

Нұрлан Ноғаев 1967 жылы туған. Білімі жоғары, И.Губкин атындағы Мәскеу мемлекеттік мұнай және газ академиясын, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Ресей Сыртқы істер министрлігі жанындағы "Халықаралық қатынастар университеті" Мәскеу мемлекеттік институтын тау-кен инженері, экономист, халықаралық қатынастар маманы, әкімшілік іскерлік жөніндегі шебер мамандықтары бойынша бітіріп шыққан.

Еңбек жолын Ақтөбе облысы, Қандыағаш станциясында электр шебері болып бастаған.

1993-1995 жылдары - Мәскеу қаласындағы "Гили- Паскер" ЖШС-де мұнай өнімдері жөніндегі аға сарапшы, бөлім бастығы, бас директор.

1995-1996 жылдары - Алматы қаласындағы "Отрар Лтд" шағын кәсіпорны бас директорының орынбасары.

1996-2006 жылдары - "Қазақтүрікмұнай" ЖШС-де инженер, бас директор.

2006 жылдың ақпанынан тамызына дейін - "ҚазМұнайГаз Ұлттық компаниясы" АҚ-ның атқарушы директоры.

2006 жылдың тамызынан ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі мұнай өнеркәсібі департаментінің директоры болып істеген.

2007 жылдың қыркүйегінен 2010 жылдың сәуіріне дейін – Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

2010 жылдың сәуірінен 2012 жылдың қаңтарына дейін - облыс әкімінің бірінші орынбасары.

2012 жылдың 20 қаңтарында Мемлекет Басшысының Жарлығымен Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды. 2010 жылы "Құрмет орденімен марапатталған. 2016 жылдың 26 наурызынан Атырау облысының әкімі болды.

 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!