Алматы облысында наубайхана қызметкерлері нанды аяқпен илеген

Алматы облысында наубайхана қызметкерлері нанды аяқпен илеген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видео әлеуметтік желіде пайда болды. Видео авторының сөзінше, оқиға Байсерке ауылында болған. 

Желі қолданушылары бұл жайтқа қатысты түрлі пікір жазған. 

"Самал кафе жанындағы өзбектер ғой. Баяғыда ұсталған еді аяқпен нан илеп, әлі де бұларға шара қолданбаған ба? Әлі аяқпен нан илеп келе жатқан оңбағандар, аяқтарыңды Аллаға тапсырдық"

"Жауып тастау керек. Қамыр илейтін аппараты болса ғана рұқсат берсін"

"Құдайдан қорықпағаннан қорық деп бекер айтпаған ғой. Ақшадан өлген біздікілер, неге қарамайды мынандай былықты жасатып қоймай. Бала-шағаның ішіне түседіғой осы лас дүниенің барлығы. Неге осыншалық топас болып барады адамдар?!", - дейді желі қолданушылары. 

Бұл жайтқа қатысты әзірге ресми ақпарат жоқ. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз