Алматыда заңсыз салынған көлік жуу орны бұзылды

Алматыда сот шешімімен көлік жуу нысаны сүрілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, нысан заңсыз салынған.

Бекмаханов көшесінің батысында Солтүстік айналма көшесінің солтүстік жағындағы учаскедегі нысанды жоспардан тыс тексеру барысында тиісті рұқсат құжатының жоқтығы анықталды.

Басқарма аудандық сотқа заңсыз тұрғызылған нысанды бұзуға шағым түсірген. Жетісу аудандық сотының 2022 жылғы 9 маусымдағы шешімімен автокөлік жуу өз бетінше салынған деп танылды.

Жақында меншік иесі (жеке тұлға) қалалық Әділет департаментінің сот орындаушыларымен нысанды ерікті түрде бұзды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!