Шымкентте есірткі зертханасы жойылды

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іс-шараларды өткізу нәтижесінде есірткі заттарын дайындауға арналған зертхананы анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қаратау ауданының аумағында орналасқан үйді тінту кезінде синтетикалық есірткі жасауға арналған құрал-жабдықтар, салмағы 2 тонна прекурсорлар мен 11 келіден астам мефедрон табылып, тәркіленді.

Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды. Жыл басынан бері полиция қызметкерлері заңсыз айналымнан 35 келіден астам есірткі тәркіледі, оның ішінде 20 келі синтетикалық есірткі болған.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз