"Перзентханада жарылғыш зат бар!" Алматыда күдікті ұсталды

"Перзентханада жарылғыш зат бар!" Алматыда күдікті ұсталды
Фото: depositphotos.com

Алматыда полиция жарылғыш зат туралы жалған хабар берген тұрғынды ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Биыл ақпанда қалалық төтенше жағдайлар қызметіне мас әйел телефон соққан болатын. Ол қаладағы перзентханалардың біріне жарылғыш зат қойылғанын хабарлады.

Комиссия тексерісі хабарлама жалған екенін анықтады. Алматы қалалық ПД экстремизмге қарсы күрес басқармасының хабарлауынша, күдікті анықталды және ізін суытпай ұсталды.

"Медеу аудандық сотының үкімімен Н. есімді азаматша ҚР ҚК-нің 273-бабында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол 2,6 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді", - деп жазылған хабарламада.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова