"Тойым болса деп армандайтын едім". 44 жастағы әйел адам танымастай өзгерді

Әлеуметтік желіде адам танымастай өзгерген әйелдің видеосы жұртты тәнті етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Марина есімді қала тұрғынының бес баласы бар, екі рет тұрмыста болған. Сән салоны 44 жастағы әйелдің арманын орындады.

"Ешқашан тойым болған емес. Тойым болса деп армандайтын едім", - деді ол.

Бұл арманы орындалуына әйелге қаладағы сән салондарының бірі көмектескен.

"Ол балабақшада, Оразақ ауылында күзетші болып жұмыс істейді. Екі операцияны бастан өткергендіктен, оның денсаулығы нашарлаған", - деді олар.

Сонымен қатар, сән салоны қызметкерлері әйелдің арманын орындап, ақ көйлек кигізген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ОКРАШИВАНИЕ ВОЛОС АЛМАТЫ 🏆🇰🇿 (@mamacita_almaty_)

Желі қолданушылары әйелдің табиғи сұлу екенін жазған.

"Сұлусыз, тағдыр жолыңыз қиын болған сияқты, әйелді өзгерткендер, жарайсыздар!", "Қандай сұлулық, бақытты болыңыз", "Өте тартымды әйел, көзі әдемі", "Армандар орындалады", - деді олар.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!