Түркістан облысында 7 айлық бала құтқарылды

Түркістанда полиция қызметкерлері 7 айлық баланы құтқаруға көмектесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Кезекшіліктегі полицейлерге көлік тоқтаған, кейін жүргізушісі шығып, көмек сұраған. Ол немересі кенет ауырып қалғанын, тыныс ала алмайтынын айтқан. Полицейлер дәл уақытында көмектескен.

"Осы сәтте жергілікті тұрғын дәрігер екенін айтып көмекке келді. Біз қолдан келгеннің бәрін жасадық және балаға алғашқы көмек көрсеттік. Одан кейін баланы анасымен бірге ауруханаға жеткіздік", - деді полиция қызметкері Бауыржан Ілес.

Атасы немересін құтқарғаны үшін қызметкерлерге алғысын білдірді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!