"Райм мен Еркенің махаббатының сырын айтамыз". Ерке Есмахан қызық жазба жариялады

Әнші Ерке Есмахан өзінің атын пайдаланып, курс жасайтындарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Ерке Есмаханның құпиясы, техникасы, энергиясы, тіпті Райм мен Еркенің махаббатының сырын айтып, үйретеміз деп жатыр екен көп білгіштер. Өзім де қатыссам ба деп қоямын. Не деген Ерке Есмахан ол сонша деймін да. Менің техникам - шынайылық. Қалғанына сенбеңіздер", - деді ол.

Желі қолданушылары бұған түрлі пікір жазған.

"Өзімді шулатып жатқандарыңа рахмет деу керек сияқты. Ерке болып еркелейік", "Бақытты Ерке, менім көзіммен өзгеріс бар", "Тым ерекше нәзіктік, жүрек тыныштығы мен сезіну қабілеті аса жоғары. Күйсең сен дүние күйіп кет деп тұратын болмысың ерекше", - деді олар.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!