Павлодарда мүгедектігі бар әйел жоғалып кетті

Павлодарда мүгедектігі бар әйел жоғалып кетті
Фото: elements.envato.com

Павлодарда мүгедектігі бар әйел жоғалып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Наталья Яковлева 16 маусымда шамамен сағат 18.00 шамасында орталық жағалауда болған.

Vita еріктілерінің айтуынша, содан бері оның қайда екені белгісіз және байланысқа шықпаған.

1978 жылғы әйел адамның шашы қысқа, қара футболка мен ақ жолағы бар шалбар киген. Арбамен қозғалады.

Іздеушілер ұйымында хабар-ошарсыз кеткен адам туралы қандай да бір ақпарат болса, +7 (747) 615 55 63  (Катерина), +7(777) 334 82 01 (Светлана) нөмірлері бойынша хабарлауды сұрайды. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан