"Ұят деген болу керек". Ырысбала Икрамбай екі түннің ортасында үйіне көмек сұрап келген жанға ашуланды

"Ұят деген болу керек". Ырысбала Икрамбай екі түннің ортасында үйіне көмек сұрап келген жанға ашуланды
Фото: instagram.com/irisbala__ikrambai_official?

100-ге жуық мұқтаж жанның баспаналы болуына себепші болған танымал блогер Ырысбала Икрамбай екі түннің ортасында үйіне көмек сұрап келген жанға ашуланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Блогер бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Ол қазіргі кезде денсаулығына байланысты қайырымдылықпен айналыспайтынын тілге тиек етті. 

"Дәл қазір сағат түнгі 00:30, үйдің есігін бір кісі қағып, көмек сұрайды. Өз мәселеңізбен тыныштығыңыз үшін өзгенің тыныштығын бұзу қаншалық дұрыс? Әрнәрсенің шегі болады. Ұят деген болу керек. Менің аяғым ауыр, денсаулығыма байланысты қайырымдылықпен айналыспаймын. Менің үйім мемлекеттік мекеме я бір қайырымдылық қордың кеңсесі емес. Түсіністікпен қараңыздар", - деп жазды ол.

Тағы да оқи отырыңыздар: Баланы басқа мектепке қай кезде ауыстыруға болады?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Б. Жұмаділлә