Атырау облысында бөлім басшысы сотталды

Атырау облысында бөлім басшысы сотталды

Атырау облысы Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының бөлім басшысы сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Атырау қаласының №2 сотымен облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының бөлім басшысы С. Джабасовқа қатысты үкім жарияланды.

Ол кәсіпкердің ақшасын алаяқтық жолмен жымқыруға оқталғаны және өндірісте екі қызметкердің қайтыс болуы фактісі бойынша оған қатысты қылмыстық қудалауды тоқтатуға байланысты лауазымды адамдарға пара беруге итермелегені үшін сотталды.

Сот үкімімен оған мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Алдын алу шаралары аясында процеске онлайн режимде еңбек инспекциясы басқармасының қызметкерлері қосылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина