Дымқыл шомылуға арналған киіммен ұзақ уақыт жүруге бола ма? Уролог түсіндірді

Дымқыл шомылуға арналған киіммен ұзақ уақыт жүруге бола ма? Уролог түсіндірді
Фото: elements.envato.com

Дәрігер, уролог-андролог Максим Предель дымқыл шомылуға арналған киіммен ұзақ уақыт жүру қаншалық қауіпті екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Здоровье Mail.ru" сілтеме жасап.

Егер дымқыл шомылуға арналған киім киген әйел немесе ер адам сау болса, яғни оларда зәр шығару жүйесінің созылмалы аурулары, жыныс аймағының дерматитіне бейімділік болмаса, ыстық ауа райында жағажайда немесе бассейнде жүру қауіпсіз, өйткені олар тез кебеді.

Дымқыл шомылуға арналған киім киіп ұзақ уақыт жүру несімен қауіпті?

Шомылуға арналған киімдердің құрамында әдетте синтетика көп. Ол сумен байланысқан кезде жылыжай әсері пайда болады, ал бұл залалды флора жақсы көретін орта. Салдарынан бактериялар мен саңырауқұлақтар белсенді түрде көбейе бастайды, бұл өз кезегінде мына аурулардың дамуына әкеп соқтыруы мүмкін:

  • вагинита;
  • цистит;
  • уретрит;
  • баланопостита;
  • простатит;
  • дерматит.

Егер сіз салқын ауа райында дымқыл шомылуға арналған киімде жүрсеңіз, суық тигізіп алуыңыз ықтимал, одан жамбас мүшелеріндегі микроциркуляция нашарлайды, бактериялар да жоғарыда аталған ауруларды тудыруы мүмкін.

Мына аурулармен ауыратын болсаңыз, дымқыл шомылуға арналған киіммен жүруге болмайды!

"Егер әйел циститтің жиі өршуінен зардап шегетін болса, шомылып болғаннан кейін бірден киім ауыстырғаны абзал", - деді маман.

Қорытынды:

  • Ылғал шомылуға арналған киімді ұзақ уақыт киіп жүруге болмайды;
  • Шомылып болғаннан кейін үйге барар жолда мейлінше құрғақ киім кию, яғни киім ауыстыру. Душ қабылдау, ал егер мүмкін болмаса, үйде интимдік гигиенаны сақтау керек.

Тағы да оқи отырыңыздар: 25 жылдық той қалай аталады?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Б. Жұмаділлә