ШҚО-да мемлекетке 238 миллион теңге қайтарылды

ШҚО-да мемлекетке 238 миллион теңге қайтарылды
Фото: Tengriauto.kz

ШҚО-да мемлекетке 238 миллион теңге қайтарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Сергек" жобасын іске асыру кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңнаманың сақталуын тексеру барысында аталған жоба аясында мемлекет "Көркем-Телеком" ЖШС-мен 7 миллиард теңгеден астам сомаға келісімшарт жасасқаны анықталды.

"Сергек" бағдарламасының әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алуға және жол-көлік оқиғаларының азаюына тигізетін оң әсерін ескеріп, тексеру барысында мемлекеттік қаражатты заңсыз төлеу фактілері анықталды, соның салдарынан жобаның құны негізсіз 238 миллион теңгеге өскен. 

Прокуратураның енгізілген қадағалау актісі негізінде ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары Басқармасы негізсіз төленген шығындарды өндіру туралы талап-арыз берді.

Сот шешімімен талап-арыз толық көлемде қанағаттандырылып,  апелляциялық саты бірінші сатыдағы сот актісін күшінде қалдырды. Сот шешіміне сәйкес, "Көркем-Телеком" ЖШС 238 млн теңге мемлекет кірісіне қайтарылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина