"Тегін берген дәрі-дәрмек шетелге сатылып жатыр" - бұрынғы денсаулық министрі Елжан Біртанов

Бұрынғы денсаулық министрі Елжан Біртанов "Қасқа жол" youtube-арнасына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Экс-министрдің айтуынша, жылына адам басына мемлекет 280-350 доллар ғана жұмсайды.

"Мен ешкімнің жолын жапқан жоқпын. Әр адамның өзінің жолы бар. Мен және менің әріптесіммен денсаулық сақтау жүйесінде тәртіп құруға тырыстық. Онсыз да жетпей тұрған ақшаны әр азаматқа жеткізуіміз қажет. Жедел жәрдем, онкологияға жаңа технология енгізу үшін үкіметтен ақша сұрасаң "ойбай, Елжан ондай ақша жоқ" дейді. Қазіргі күнде жылына бір адамның басына 280-350 доллар жұмсаймыз. Түркияда бұл он есе көп. Ақша әлі қажет. Онкологияда мәселе көп", - деді ол. 

Ол жемқорлық дәрігер мен медбикелердің арасында емес екенін айтты.

"Сот кезінде айтқанмын, қазір де айтамын. Жемқорлық дәрігерлердің, медбикелердің арасында емес, дәріге тапсырыс беріп хат жолдайтын бас дәрігер, денсаулық сақтау басқармасы деңгейіндегілердің арасында ғой. Көп жағдайда дәрі-дәрмектер ауруханаға жетпейді. Мемлекет тегін берген дәрі-дәрмекті жоғары бағада сатып, кез келген шетелге жібереді", - деді ол.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!