Ақмола облысында алкогольді заңсыз өндіргендер ұсталды

Ақмола облысының аумағында жалған есепке алу-бақылау маркаларын пайдалана отырып, суррогатты алкоголь өнімін заңсыз өндіру дерегі анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Степногорск қаласының тұрғынының басшылығымен 6 адамнан тұратын Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының аумағында суррогат алкоголь өнімдерін сатқан адамдар тобы әшкереленді.

20 мыңнан астам дайын өнім бөтелкелері және 100 мыңнан астам бос бөтелкелер, құрамында спирті бар сұйықтық, спирт, жалған есепке алу-бақылау маркалары тәркіленді.
Қылмыстық әрекет кезеңінде ақша айналымы 350 миллион теңгеден асты.

Сот үкімімен іс бойынша айыпталушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылды, қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастырған 4,6 млн теңге көлеміндегі қаражат мемлекет кірісіне тәркіленді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!