Астанада екі көшенің қиылысында жүріс шектеледі

Астанада екі көшенің қиылысы жабылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Бөгенбай батыр даңғылы мен Сарыарқа даңғылының қиылысында Сарыарқа даңғылындағы жол төсемін орташа жөндеу аясында жұмыстар жүргізіп жатыр.

Осыған байланысты 19-21 маусым аралығында жоғарыда аталған қиылыс ішінара жабылады. Бұл ретте қозғалыс тараптардың бірі бойынша қамтамасыз етілетін болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!