Астана тұрғыны 30 тонналық әуе көлігін орнынан қозғап, рекорд жаңартты

Астаналық Бауыржан Қамалиев 30 тонналық әуе көлігін орнынан қозғап, рекорд жаңартты. Бұл – оның әлемдік деңгейдегі бесінші жеңісі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Алматы" телеарнасына сілтеме жасап.

Ол МИ-17 ұшағын орнынан жылжытты. Күштік экстриммен айналысатын ІІМ қызметкері әскери техниканы 10 метрге дейін сүйреп шығарды. Бұған дейін оның локомотив тарту бойынша әлемдік рекорд орнатқаны белгілі. Ауыр атлеттің айтуынша, мұндай нәтижеге қол жеткізу үнемі дайындықты талап етеді. 

"Не бел кетеді, не белбеу кетеді" деген. Қиын, әрине. Пендеміз ғой, қолымнан келгенше тарттым", – деді ҚР ІІМ Әскери-тергеу департаментінің қызметкері Бауыржан Қамалиев.

Сонымен қатар, Ұлттық ұланның авиация базасында әуе көліктерінің қызметінің таныстырылымы өтті. Жаңадан ашылған нысан Астана халықаралық әуежайына іргелес орналасқан. Кешен 33 мың гектар аумақты алып жатыр.

"Басты қызметі – орта және алыс қашықтықтағы қалаларға ұшақпен жүк тасымалдау. Су тасқыны болғанда, әлеуметтік көмек көрсеттік. Құтқару жұмысына атсалыстық", – деді 3656 әскери бөлімінің аға технигі Әлібек Малғаждаров.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!