"Сақ болыңыздар!" Ата-аналарға маңызды ескерту жасалды

Төтенше жағдайлар министрлігі ата-аналарға маңызды ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"ТЖМ ескертеді:

  • Балаларды суға жібермеңіздер және оларды қараусыз қалдырмаңыздар.
  • Өзіңіз және жақындарыңызға сақ болыңыздар.
  • Судағы қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар: шомылуға тыйым салынған жерлерде шомылуға болмайды; тереңдігі белгісіз суға сүңгуге болмайды; қалқымалардан аса жүзуге болмайды; мас күйінде суға түспеңіз; су көліктеріне жақын жүзбеңіз", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, биыл 72 адам суға батып кеткені хабарланған еді. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов айтты.

Суға шомылу маусымы: қай өңірлерде бала өлімі жиі тіркеліп жатыр?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!