"Шок болып тұрған сияқты". Желіде Германиядан келген құдалар қызу талқыға түсті

Фото: видеодан кадр

Әлеуметтік желіде шетелдік құдалардың тойдағы видеосы тарап кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кадрлардан Германиядан келген құдаларды ән-бимен, сән-салтанатымен, шашуымен қарсы алғаны көрінеді.

"Екі елдің қуанышы. Германиядан келген құдаларды ыстық ықыласпен күтіп алдық", - делінеді видеода.

@tumar.ansambl

Екі елдің үлкен куанышы 😍

♬ оригинальный звук - tumar.official

Желі қолданушылары видеоға түрлі пікір жазды. Көпшілік құдалар жақтан өте аз адам келгеніне таңғалған.

"Құдалар шок болып тұр", "Шетелден келген құдалар көңілді", "Кәмпитті балаша теріп жүр ғой", "Екі жас, бақытты болыңдар", "Шок болып тұрған сияқты", - деді олар.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова